МЕЖЕ ЖАҚЫН

Астықты өлкеде күзгі орақ науқаны аяқталуға шақ қалды. Ризығын жерден табатын өңір диқандары ала жаздай баптап, бітік шыққан егіннің 87 пайызын бастырған.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Қуандық Шақұбаевтың айтуынша, қазіргі уақытта астық қабылдайтын элеваторларға 4,1 млн. тонна дәнді және майлы дақыл жеткізілген. Бидайдың орташа гектар берекелігі 17,3 центнерден айналуда. Дәнді дақылдарды жинауда Ақжар, Тимирязев пен Уәлиханов аудандарының диқандары көш басында келеді. Ал Мағжан Жұмабаев және Тайынша аудандарында әлі атқарылатын жұмыс көп.

Майлы дақылдарға тиесілі алқаптардың 518 мың гектары, яғни жартысынан астамы жиналған. Гектардың орташа түсімі 9 центнерді құрап отыр. Бұл дақыл түрін бастыруда Ақжар, Тимирязев және Аққайың аудандары алда. Ал Тайынша, Жамбыл және Қызылжар аудандарының шаруалары сылбырлық танытуда.

Бүгіндері 37,4 мың және 6,6 мың гектарға отырғызылған картоп пен көкөніс толықтай жинап алынды.

Биыл жиналған астықты кептіруге мемлекет тарапынан жеңілдетілген бағамен қосымша 14 мың тонна жанармай бөлінді. Жауапты науқанды қазан айының 10-ына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Қанат АТАМАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика