БЕРІК НЕГІЗ

Өз басым Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауын жыл сайын ерекше ықыласпен тыңдаймын. Жылдың басты құжатында айтылған мақсат-міндеттер тұрғындардың жайлы әрі сапалы өмір сүруін қамтамасыз етуге арналған.

Президентіміз кәсіпкерлердің алдына үлкен міндет қойып отыр. Елбасының: “Мемлекеттік қолдаудың барлық шараларын елімізге заманауи агротехникаларды ауқымды түрде тартуға бағыттау қажет”, – деп айтқаны бізді одан сайын қанаттандыра түсті. Ауыл шаруашылығы мен ауыл егіз ұғым іспеттес. Ауылдардың дамуы ауыл шаруашылығы салаларының одан сайын өркендеуіне жол ашады. Бұл салаға бөлінетін қаржы да кемімейді. Өзім тізгінін ұстап отырған серіктестікте Германия, Австрия, Америка елдерінен әкелінген техникалар бар. Соның нәтижесінде биыл майлы дақылдар алқабының көлемін арттырдық.

Анатолий РАФАЛЬСКИЙ,

“Тайынша-Астық” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика