СҰРАНЫС ЖОҒАРЫ

Облысымызға жұмыс сапарымен келген Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Арман Евниев Тайынша ауданындағы екі зауыттың жұмысымен танысты.

Арман Евниев алдымен Ильичевка ауылында орналасқан “Тайынша Май” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болды. Зауыттың қуаты бір жылда 365 мың тонна майлы дақылды өңдеуге жетеді. Кәсіпорынның қуатын арттыру Қытайға өсімдік майы мен күнжара экспортын ұлғайтуға мүмкіндік береді. Күніне мұнда 600 тоннадай тазартылған май шығарылса, оның басым бөлігін рапс, зығыр және күнбағыс майы құрайды. Нысандағы заманауи құрал-жабдықтарды басқару үрдісі толығымен автоматтандырылған. Зауытта жақын маңдағы төрт ауылдың 80-нен астам тұрғыны еңбекпен қамтылған.

Өндіріс ошағының жұмысшыларымен және жергілікті агроқұрылым басшыларымен кездескен вице-министр отандық агроөнеркәсіп кешенінің алдында тұрған міндеттерді тілге тиек етті.

Бұдан соң бірінші вице-министр сегіз жылдан кейін қайтадан іске қосылған “Bio Operations” серіктестігіне ат басын бұрды. Өткен жылы серіктестікте диірмен кешені іске қосылса, үстіміздегі жылы балауыз және крахмал өндіретін цех пайдалануға берілді. Шығарылатын өнімдер ішкі және сыртқы нарықтарда жоғары сұранысқа ие. Алдағы уақытта ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты арта түспек. Зауыттың экпорттық әлеуетін бағалаған Арман Евниев зауыт басшылығына министрлік АҚШ және Қытай нарығына шығу бойынша қолдау көрсететінін жеткізді.

Ұн, балауыз және крахмал өндіруге қажетті шикізатты жергілікті шаруашылықтардан сатып алатын кәсіпорында алдағы уақытта биоэтанол өндіретін цехты іске қосу жоспарланған.

Саят ЕРМЕК.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика