АУЫЛ – АЛТЫН БЕСІК

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың “Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері” атты Жолдауы биылғы жылдың басты құжатына, ал онда қойылған міндеттер жұмысымыздың негізгі бағытына айналды. Президент елімізді саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани тұрғыда дамытудың жолдарын атап, олардың әрқайсысының маңыздылығына тоқталды. Ал халқымыз Жолдауды зор ықыласпен қабыл алып, көзделген мақсаттардың өміршең боларына сенімдерін білдірді.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 35

ТЫҢАЙТҚЫШ — МОЛ ӨНІМ КЕПІЛІ

Облыстық ауыл шаруашылығы мамандарының хабарлауынша, қазіргі уақытта өңір диқандары көктемгі егіс жұмыстарына дайындықты бастап кетті.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 28

АҚПАРАТ ҚОЛЖЕТІМДІ

“Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту институты” үкіметтік емес ұйымының директоры Сергей Худяков өңір бюджетінің ашықтығын қамтамасыз етуді әлі де жетілдіре түсу қажеттігін алға тартты. Бұл туралы осы ұйым жүргізген зерттеу нәтижесі жарияланған “дөңгелек үстелде” айтылды.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 64

ҚАРЖЫ МАҚСАТТЫ ЖҰМСАЛУЫ ТИІС

Ата-бабаларымыз ғасырлар бойы төрт түлігін өсіріп, оның тұқымын асылдандырып келгені белгілі. Соңғы жылдар атакәсібімізді жандандыру мақсатында бірқатар мемлекеттік бағдарламалар қолға алынуда. Солардың ішінен Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын ерекше атап айтуға болады.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 50

БАЗАЛЫҚ МӨЛШЕРЛЕМЕ ТӨМЕНДЕДІ

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені +/-1 пайыздық аралық бойынша 9,75-тен 9,5 пайызға дейін төмендету туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі ақпарат таратты. Жылдық инфляцияның баяулауы мақсатты дәліз ішінде 2018 жылы жалғасуда. Инфляциялық болжам төмендеу тенденциясынан хабар береді. Қысқа мерзімді аралықта жылдық инфляцияның 5-7 пайыздық төменгі дәлізіне шығып кету тәуекелі бар. Алайда, орта мерзімді инфляция жаңа мақсатты дәлізде, яғни 2019 жылы 4-6 пайыз аралықта болады деп күтілуде. Сонымен бірге, жайлы тенденция мен сыртқы нарықтағы, сауда жөніндегі серіктес елдердегі жағдайларды ескере отырып, 2018-2019 жылдардағы Қазақстан экономикасының өсімін сақтау үшін Ұлттық банкі 2018 жылы базалық мөлшерлемені баппен төмендету саясатын жалғастырмақ.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 73

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика