ҚЫЗЫЛЖАРДЫҢ КӨРКІ

Облыс орталығында 23 көпқабатты үй жаңа кейіпке енді. Мир, Жамбыл, Кәрім Сүтішев көшелерінде орналасқан баспаналардың қасбеті боялып, шаһардың бірнеше ауданында шағын архитектуралық мүсіндер орнатылуда.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 23

БАЛЫҚ — БАҒАЛАСАҢ БАЙЛЫҚ

Балық шаруашылығын дамыту ісі ерекше қолдауды қажет етеді. Өзен-көлдерді бойлай орналасқан елді мекендердің басты байлығы балық екені әмбеге аян. Өңірімізде екі жарым мыңға жуық өзен-көл бар. Бірақ су айдындары көп болғанымен, олардың тек 461-інде ғана балық өседі. Ал соның 288-і балық шаруашылығын жүргізу үшін қолайлы. Облыс аумағындағы су айдындарын балықтың отыз шақты түрі мекендейді. Олардың ішінде мөңке, алабұға, табан, шортан, шабақ, таутан, тасбас, аққайран, тұқы, сиг және тағы басқа балық түрлері кездеседі.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 18

ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САЛАСЫНДАҒЫ СЕРПІН

Президент Нұрсұлтан Назарбаев атқарушы билікке артқан келелі міндеттердің бірі – қызмет көрсету саласын дамыту. Елбасы жалпы экономика өсімінің негізгі көзі бүгінгі күннің өзінде қызмет көрсету саласына тиесілі болып отырғанын атап көрсетті. Бүгіндері елімізде қызмет көрсету саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі кешенді бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бұл адамның және қоғамның қандай да бір қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған қызмет болып табылады. Солтүстік Қазақстан облысында сан алуан қызмет түрлері көрсетіледі.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 16

ЕСКІСІН ӨТКІЗ, ЖАҢАСЫН МІН

Жасыратыны жоқ, тұрғындардың дені автокөлік таңдауда шетелден әкелінгендерге басымдық береді. Импортталған “темір тұлпарлардың” арасында тәуірі де бар, ескі-құсқысы да жеткілікті. Кеңестік дәуірдің белгісіндей ескі “Жигулилер” де салдырлап қатардан қалысар емес. Кейде қасыңнан әбден тозған әлдебіреуі өте шықса, ащы түтіні қолқа қауып, лоқсуға дейін апарады. Ал түнде гүрілдеген дыбысы ұйқыңды қашырғанда, “мына “салдырлақтың” иесі әлі күнге дейін ескі көлікті жою бағдарламасын естімеген бе?” дейсің ызаланып. Иә, тозығы жеткен көліктерді қабылдап, иесіне өтемақы беру әлі жалғасуда.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 14

ЦИФРЛАНДЫРУ — ЗАМАН ИГІЛІГІ

“Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы – еліміздегі мемлекеттік қызметтерді көрсетудің бірыңғай провайдері. Оның құрамындағы “Халыққа қызмет көрсету орталығы”, “Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық”, “Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы” және “Жылжымайтын мүлік орталығы” республикалық мемлекеттік кәсіпорындары қызмет көрсету саласын дамытып, бизнес-үдерістерін жетілдіріп, бүгінгі күн талабына сай озық технологияларды енгізу бойынша ауқымды жұмысты іске асырып келеді.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 21

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика