Сіз мындасыз: Home RY'HANI'AT “ТІРІ” ЭКСПОНАТТАРДЫ ТАМАШАЛАДЫ

“ТІРІ” ЭКСПОНАТТАРДЫ ТАМАШАЛАДЫ

“Серпін” бағдарламасы бойынша білім алатын студенттер үшін облыстық ішкі істер департаментінде арнайы танымдық, тағылымдық шара өтті.

Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінің студенттері мен қалалық ішкі істер бөлімінің жас офицерлері облыстық ішкі істер департаменті мұражайын аралап, тарихымен және бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысты. Тарих залында оларды жергілікті ақын, батыр, қолбасшы Қожаберген жырау қарсы алды. Жыраудың образын сомдаған айдауыл қызмет бөлімінің қызметкері Рауан Бимақанов “Елім-ай” дастанынан үзінді оқып берді. Ақиық ақын Мағжан Жұмабаевтың кейпіне енген қалалық ішкі істер бөлімінің қызметкері, полиция лейтенанты Әлішер Жармағамбетов жастарды білім-ғылымға шақырды. Ұлы Отан соғысына арналған залда батыр майдангерлер Бауыржан Момышұлы мен Әлия Молдағұлованы сомдаған жедел басқару орталығының қызметкері Айгүл Сәбитова мен Мемлекеттік тіл бөлімінің жетекші маманы Нұрбай Сәбитов балаларға монолог оқыды.

Кездесу соңында тәртіп сақшылары мен студенттер дастарқан басына жиылып, “Рухани жаңғыру” логотипі бейнеленген торттан дәм татты.

Нұрбек БАЕКИН,

облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекші маманы.  

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.