Сіз мындасыз: Home RY'HANI'I'aT ЗАМАНҒА ЛАЙЫҚ КІТАПХАНА

ЗАМАНҒА ЛАЙЫҚ КІТАПХАНА

С. Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада “Заманауи кітапханалар қызметінің жаңа мүмкіндіктері мен сапасы” тақырыбында семинар өтті. Семинарға облыс орталығындағы және аудандардағы мемлекеттiк кiтап-ханалардың басшылары мен мамандары, қаланың оқу орындарының кiтапханашылары қатысты. Кітапхана жүйесінің жетпістен астам маманының басын қосқан шара электронды ақпараттық қызметтермен және өнiмдермен танысуға, кiтапхана мамандарының кәсiби бiлiктiлiгiн жетiлдiруге, инновациялық, соны жұмыс формалары мен әдiстерiн ұсынуға, тәжiрибе алмасуға бағытталды.

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапхананың директоры Бейбітгүл Әбiлмәжiнова үлгі ретінде Польша кiтапханаларының жұмыс тәжiрибесiмен таныстырса, аудандық кітапхана мамандары ауылдық кiтапханаларда оқырмандарды есепке алу және тiркеу бағдарламасы жайлы баяндады. Әсіресе, Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданның Володаровка ауылдық кітапханасының кiтапханашысы Николай Вербовскийдiң қазiргi ауылдық кiтапхананың шығармашылық қызметiн ұйымдастыру бойынша жұмыс тәжiрибесi әрiптестерiнiң қызығушылығын тудырды.

Нәтижесiнде қатысушылар ауыл кітапханаларындағы жұмысты жастар мен өскелең ұрпақ үшiн тартымды етіп ұйымдастыру қажет деген пiкiрге келдi. Осы орайда Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапхананың Америка бұрышының үйлестiрушiсi Зарина Қанафина облыстық кiтапхананы жастар арасында танымал еткен заманауи жобалардың жүзеге асырылуы туралы айтып бердi. Сонымен қатар “Қазақстан – Ресей: онлайн” жобасын жүзеге асыру аясында тындырылған істер жайы да айтылды.

Баяндамалар электронды тұсаукесерлермен және бейнероликтермен сүйемелденiп, оқырмандарға қызмет көрсетудегi инновациялық тәсiлдер туралы көрнекi түсiнiк алуға көмектестi. Қатысушылардың назарына “Есiл өңiрi кiтапханаларының ашық әлемi: жаңа технологиялар, ынтымақтастықтың жаңа түрлерi” атты кiтап көрмесi ұсынылды.

Арайлым БЕЙСЕНБАЕВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.