Сіз мындасыз: Home RY'HANI'AT ӨЗ ДӘУІРІНІҢ ЖАРШЫСЫ

ӨЗ ДӘУІРІНІҢ ЖАРШЫСЫ

Иван Шухов атындағы орталық қалалық кітапханада жазушы Ғабиден Мұстафиннің 115 жылдығына арналған “Қайталанбас талант иесі” атты әдеби кеш өтті.

“Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында өткен шараға Петропавл қаласындағы №17 ұлттық өркендеу орта мектеп кешенінің оқушылары қатысты. Кітапханашы Татьяна Сарычева оқушыларды жазушы Ғабиден Мұстафиннің өмірі және шығармашылығымен таныстырды.

Ғабиден Мұстафиннің әр шығармасының оқырмандар үшін орны бөлек болатын. Оның қазақ әдебиетіне қосқан үлесі өлшеусіз. Шығармаларында қазақ халқының өміріндегі ең маңызды кезеңдер шынайы да көркем суреттеледі. Ғабиден Мұстафиннің шығармалары көптеген әлем халықтарының тілдеріне аударылып, оқырмандар тарапынан өз бағасын алды.

Әдеби кеш барысында оқушылар өз дәуірінің жаршысы атанған жазушының “Дауылдан кейін”, “Миллионер”, “Шығанақ”, “Қарағанды”, “Көз көрген” романдарының мазмұнына тоқталып, үзінділер оқыды.

Ләззат БІРІМОВА,

Иван Шухов атындағы орталық

қалалық кітапхананың қызметкері.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.