Сіз мындасыз: Home RÝHANIAT “ӘЛҚИССА” — ҚЫТАЙ ЕЛІНДЕ

“ӘЛҚИССА” — ҚЫТАЙ ЕЛІНДЕ

Облыстық филармонияның “Әлқисса” фольклорлық ансамблі гастрольдық сапармен Қытайға барып қайтты.

Облыстық филармонияның “Әлқисса” фольклорлық ансамблінің әртістері үшін өткен жыл жағымды жаңалықтарға толы болды. Елбасының “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” мақаласындағы: “Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет” жобасын іске асыру мақсатында Мәдениет және спорт министрлігінің, облыстық мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының қолдауымен Қытайдың Синьцзян-Ұйғыр автономды округінде өткен концертте жерлестеріміз аспан асты елін өз өнерлерімен тәнті етті.

– Облыстық филармонияның он сегіз әртісі гастрольдық сапар аясында Қытайда өнер көрсетті. Ондағы қазақ диаспорасы бізге ерекше қолдау білдірді. Көрермен халық және эстрадалық әндерді тыңдап, күмбірлеген күйден ерекше әсер алды. Жалпы ондағы халық солтүстікқазақстандықтардың өнеріне жоғары баға берді. Биік деңгейде өнер көрсетуге барлық күш-жігерлерін салып, Қазақстанның мәдени жетістігін паш еткен өнерпаздарымыздың еңбегі ерен, – деген облыстық филармонияның директоры Ботагөз Ақмағамбетова қытайлықтар мәдениет саласының үздігі, әнші Дәмеш Құрманкина, классикалық орындаушылар Бақыт Ілиясов, Радик Синтиков, дәстүрлі әнші Ғалымжан Нұрпейісов пен күйші Асхат Галеев сияқты дарындардың өнерін ыстық ықыласпен қабылдағанын тілге тиек етті. Эстрада әншісі Мұхит Ахметовтің өнері де көпшіліктің көңілінен шықты. Тіпті, қытайлықтар тарапынан жерлесімізге бірлесе жұмыс істеу туралы ұсыныс айтылған екен.

Ақмарал ЕСДӘУЛЕТОВА,

 

“Солтүстік Қазақстан”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика