Сіз мындасыз: Home RÝHANIAT МЕРЕКЕЛІК ҚҰТТЫҚТАУ

МЕРЕКЕЛІК ҚҰТТЫҚТАУ

Қымбатты жерлестер!

Сіздерді Христос Рождествосымен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл – жақсылыққа, қайырымдылық пен ізгілікке сенімді бейнелейтін жарқын және асыға күтетін мерекелердің бірі.

Христос Рождествосы мерекесі жүректерге жылылық ұялатады, баршаны жасампаздыққа және адамгершілік қасиеттерді аялауға, жақындарға қамқорлық жасауға жетелейді.

Бүгіндері бұл мерекені православиелік христиандармен бірге барлық қазақстандықтар да атап өтеді.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халықтың бірлігі, ынтымақтастығы мен келісімі еліміздің тұрақтылығы мен одан әрі дамуының кепілі болып табылатынын бірнеше мәрте атап көрсетті.

Жарқын Христос Рождествосы мерекесі қарсаңында еліміздегі бейбітшілік пен тыныштық – біз көздің қарашығындай сақтайтын және келешек ұрпаққа тапсыратын құндылық екенін айқын сезінеміз. Қазақстанның гүлденуі мен тұрақты дамуының кепілі осында.

Православие еліміздің өміріне белсене қатысады, халық бірлігін, қоғамдық келісімді және конфессияаралық достықты нығайтуға сүбелі үлес қосуда.

Біз бәріміз бірге рухани келісім мен тарихи-мәдени мұраларға арқа сүйей отырып, келешекте бүгінгіден де зор табыстарға жететінімізге сенімдімін.

Қымбатты жерлестер! Осы жарқын мереке күні сіздерге шын жүректен ізгілік пен түсіністік, денсаулық, отбасылық бақыт пен жылылық, игілік және жарқын болашақ тілеймін!

Құмар АҚСАҚАЛОВ,

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика