Сіз мындасыз: Home RÝHANIAT ҚАСИЕТТІ МЕКЕН

ҚАСИЕТТІ МЕКЕН

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” атты мақаласы қоғамда рухани сілкініс тудырып, төл мәдениетімізді түлетуге оң ықпал етті. Сондықтан жаңа тарихи кезеңде жас ұрпақты түп-тамырынан ажырамаған заманауи қазақстандық мәдениет арқылы тәрбиелеп, рухты елдің мығым болашағын құру – баршамызға жүктелген абыройлы міндет.

Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің көрінісі. Елбасы идеясының түп-төркіні тарихи жәдігерлер мен киелі орындарды өзара сабақтастыра отырып, ұлт жадында біртұтас кешен ретінде орнықтыруды меңзейді.

Туған жерге деген іңкәрлік сезім өзімізден бастау алуы тиіс. Өзге аудандардан әсем табиғаты және тарихи орындарымен ерекшеленетін Айыртау ауданы – қасиет дарыған құт мекен. Қарасай мен Ағынтай батырларға арналған мемориалдық кешен, Ботай, Айғаным қоныстары бірегей тарихи орындар екеніне дау жоқ. Елбасы мақаласының өзегіне айналған “Туған жер” бағдарламасының жүзеге асырылуында осындай киелі топырақтың қадір-қасиетін насихаттап, марғасқа ұл-қыздарының өмірі мен еңбек жолын көпшілікке танытуда аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі де бірқатар іс-шаралар өткізуде.

“Айыртаудың інжу-маржаны” сериясымен жыл сайын танымал тұлғалар туралы баспа материалдарының қоры жаңартылып, толықтырылып отырады. Шоқан Уәлиханов, Үкілі Ыбырай, Ақан сері, Кәкімбек Салықов, Орынбай Бертағыұлы, Шота Уәлиханов, Еркін Әуелбеков, Шахмет Құсайынов, Тұрлыбек Әбілпейісов, Күлән Бәкібаева, Эльмира Сыздықова сынды даңқты жерлестеріміз туралы буклеттер шығарылады. Сонымен қатар аудандық кітапханада Бәйкен Әшімовтың 100 жылдығы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығы мен Тәуелсіздік, Конституция, Астана, Тұңғыш Президент күндеріне орай түрлі іс-шаралар өткізіліп, “Рухани жаңғыру” бағдарламасының барлық бағыттары бойынша кітап көрмелері ұйымдастырылды.

Ауылдық кітапханалар да Елбасы мақаласының түп-төркінін көпшілікке жеткізу мақсатында түрлі іс-шаралар өткізді. Олардың нәтижесінде оқырмандарымызға аудан, облыс қана емес, еліміздің түкпір-түкпіріндегі тарихи және мәдени нысандар таныстырылып, олардың туған жеріміз үшін қандай маңызға ие екені айтып, түсіндірілді.

Бақыт ЖАЛМАҒАМБЕТОВА,

аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры.

Айыртау ауданы.  

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика