Сіз мындасыз: Home RY'HANI'AT ӘСЕРЛІ КЕЗДЕСУ

ӘСЕРЛІ КЕЗДЕСУ

“Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы “Орталық” өңірлік қолбасшылығының 6637 әскери бөлімінде ақын Мүтәллап Қанғожинмен кездесу кеші өтті.

“Туған жер – тұнған сыр” тақырыбы аясында өрбіген танымдық шараны әскери бөлім мен Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы бірлесіп ұйымдастырды. Бұл шараға әскерилерден басқа, Мағжан Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледждің студенттері, мектеп ұстаздары және оқушылар қатысты.

Кеш барысында еңбек ардагері сарбаздарға естеліктерімен бөлісіп, қызықты әңгімелер айтты. Қазақтың көрнекті ақыны Мұқағали Мақатаевпен, жерлес жазушымыз Ғабит Мүсіреповпен кездескендері жайлы сыр шертті. Ал оның жолын қуған жастар сыры терең, мағыналы өлеңдерін оқыды. Әскери бөлімнің қызметкері, жас ақын Жұмабек Рахимов Мүтәллап Қанғожинге арнау айтып, әдеби кештің көркін қыздырды.

Самал ЕСІМСЕЙІТОВА,

6637 әскери бөлімінің қызметкері.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.