Сіз мындасыз: Home RÝHANIAT ТӨЛЕ БИДІҢ ТӨРЕЛІГІ

ТӨЛЕ БИДІҢ ТӨРЕЛІГІ

С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада Төле би Әлібекұлының 355 жылдығына арналған тарихи-танымдық шара өтті.

Шараға қатысқан кітапхана оқырмандары ХVII ғасырдың аяғы мен ХVIII ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген көрнекті тарихи тұлға, қазақ халқының бірлігін нығайтуға зор үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері Төле бидің өмірі және ел басқарудағы қызметімен жан-жақты танысты. Сонымен қатар “Жеті жарғыны” шығарудағы рөлі айтылып, кемеңгер саясаткер, сөз бастаған шешен, ел бастаған көсем ретінде жасаған даналық өнегесі, туған халқына деген шексіз құрметі мен сүйіспеншілігі, қара қылды қақ жарған әділдігі сөз болды.

“Даналық әліппесі” топтамасындағы “Билер сөзі” кітабынан Төле бидің өсиеті тыңдалып, “Көркем сөздің көсемі” көрмесі қатысушылар назарына ұсынылды.

Майра ӘШІМОВА,

С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапхананың бөлім басшысы.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика