Сіз мындасыз: Home RÝHANIAT КІШКЕНТАЙ ЖҰЛДЫЗДАР

КІШКЕНТАЙ ЖҰЛДЫЗДАР

Өңіріміздегі өнерлі ұл-қыздардың ұстаханасына айналған №1 өнер мектебінің оқушылары кезекті “Алтын Сібір” халықаралық сайысында топ жарып, жеңіс тұғырынан көрінді.

Байқауда бағы жанғандардың бірі – Карина Жапарқанова:

– Менің әпкем фортепьянода ойнайды. Сондықтан мен де оның жолын қуып, музыкаға әуестендім. Сахна төріне шығар алдында қобалжу болғанымен, ән айта бастағанда бәрі су сепкендей басылады, – дейді.

Сегіз жастағы Нұрдәулет Досжан да байқауда лауреат атанды.

Жыл басынан бері Ресейдің Омбы қаласында екі байқау өтіп, оған жиырмаға жуық жерлесіміз қатысқан. Өнерлі балалардың жетеуі халықаралық байқаудан олжалы оралды.

Өнер ошағының оқушылары “Сібір жұлдыздарды жағады” атты байқауға да қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

– Шәкіртіміз Милана Янтурина аталған байқауда үшінші орынды еншілеп, келесі кезеңге жолдама алды. Қазір ол наурыздың 15-інде Тольятти қаласында өтетін байқаудың шешуші кезеңіне дайындалып жатыр, – деді №1 өнер мектебі директорының орынбасары Ирина Маркина.

Алма ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика