Сіз мындасыз: Home RÝHANIAT “АССАМБЛЕЯ ХАНЫМЫ”

“АССАМБЛЕЯ ХАНЫМЫ”

Халықаралық әйелдер мерекесіне орай Достық үйінде ерекше байқау өтті. Түрлі этнос өкілдері арасындағы татулық пен бірлікті ту еткен сынға қырық бес жастан асқан ханымдар қатысты.

Қос тізгінді қатар ұстаған отаналарының бірі – Нина Полякова. Облыстық еврей этномәдени орталығының өкілі саналы өмірін мәдениет саласымен ұштастырған. Сексен жастағы қария жас кезінде бимен қатар, волейбол, баскетболмен де айналысып, команда капитаны болған. Айта кету керек, Нина Полякова – байқауға қатысқан үміткерлердің арасындағы ең егдесі.

Бұл күні қатысушылар үй шаруасын ұршықтай үйіріп, сонымен қатар шығармашылық жағынан да бар білгендерін ортаға салды.

– Үміткерлер байқауға жақсы дайындықпен келген. Әрқайсысы талапқа сай киініп, берген тапсырмаларды орындап шығуға барын салды. Ән, би, спорт, аспаздық сияқты сан қырлы өнерді бір бойына жинай білген әйелдерден жас қыздар үлгі алса, құба-құп, – дейді қазылар алқасының мүшесі Алена Писаренко.

Байқаудың қорытындысы бойынша “Ассамблея ханымы” атағына “Ұрпақ” қазақ мәдени-ағарту орталығының төрайымы Гүлбақша Мұсабаева қол жеткізді.

Алма ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика