Сіз мындасыз: Home RÝHANIAT АРУЛАРҒА АЛҒЫС

АРУЛАРҒА АЛҒЫС

Көктемнің шуақты мерекесінде облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшылығы барша әйелдер қауымына жылы лебіздерін білдірді. Жастар сарайында өткен салтанатты шараға сала қызметкерлері мен ардагерлері қатысты.

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың құттықтау жеделхатын департамент басшысы Бөкенбай Жүсіпов оқып берді. “Министр барлық әйелдерді айтулы мерекемен шын жүректен құттықтап, баршаңызға зор денсаулық, ұзақ өмір, отбасыларыңызға мол бақыт, еңбектеріңізге толағай табыс тілейді”, – деген Бөкенбай Жүсіпов еліміздің бас полицейінің атынан осы салада ерлермен иық тірестіре еңбек етіп келе жатқан әйелдерді марапаттады. Әділет лейтенанты арнайы шені Динара Жұмағұлға табыс етілді. Әділет подполковнигі Сәуле Мұстафина екінші дәрежелі “Ішкі істер органдарының үздігі” төсбелгісімен, ал әділет капитаны Гүлнұр Ағзамова Алғыс хатпен марапатталып, сый-құрметке бөленді.

Осы салада еңбегімен көзге түскен нәзік жандарға, департаментпен тығыз байланыста жұмыс істеп келе жатқан басқа да орган қызметкерлеріне мекеме басшысының грамоталары мен Алғыс хаттары табысталды.

Шара аясында қызметтік міндеттерін орындау барысында қаза тапқан қызметкерлерінің әйелдеріне де сыйлықтар табыс етілді. Салтанатты кеш соңы мерекелік концертке ұласты.

Динара ТОҚАБАЕВА,

облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкері.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика