Сіз мындасыз: Home RÝHANIAT КІТАП — БІЛІМ НЕГІЗІ

КІТАП — БІЛІМ НЕГІЗІ

“Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік”, – деген Ғабит Мүсіреповтің салиқалы сөзі әркімге ой салары анық. Кітапты таңдап-талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсеріңді өмір қажетіңе жарату – әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғышарттардың бірі. Асыл қазынамызға қызығушылық қазіргі таңда төмендеп кетті. Осы орайда еліміздегі рухани қазына ордалары – мектеп пен кітапханалар алдында жауапкершілігі мол міндеттер тұр.

Қожаберген жырау атындағы №6 қазақ орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері Арайгүл Мұқанова мен Қырмызы Башенованың ұйымдастыруымен “Кітап – білім негізі” атты қалааралық танымдық, білгірлік іс-шарасы өтті. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” бағдарламалық мақаласының “Тәрбие және білім” тарауы аясында өткен шараға қаланың №7, №18 мектептерінің оқушылары қатысты. “Оқушының ойлау қабілетін қалай дамытуға болады?”, “Баланың білімге, кітап оқуға қызығушылығын оятуға не әсер етеді? деген сұрақтар педагогтермен қатар, кітапханашыларды да ойлантады. Сондықтан кітапханашылар мен ұстаздар кітаптарды насихаттаудың түрлі формалары мен әдістерін ұсынды.

Бала кезде оқыған кітап көңілде мәңгі ұялап қалатындықтан, оларды кішкентай күнінен рухани өмірге жақын етіп тәрбиелеу керек. Жастарымыз ақпараттық технологияларға бет бұрған мына заманда кітап пен кітапхананың орнын жаңа технологиялар басып кеткені анық. Қазіргі ақпараттық құралдардың қарыштап дамыған заманында жас оқырмандарымыздың кітап оқуға қызығушылығы қандай деңгейде?! Кітап оқуға қызыға ма, әлде керекті мәліметтерін интернет арқылы ала ма?!

Интернеттің қажеттілігі мен жетістігі ұшан-теңіз. Дегенмен, оқырмандар интернеттен көркем әдебиеттерді қалай алып оқиды? Компьютер алдында сағаттап отырудың зияны туралы өзекті мәселелер пікірталас тудырды. Балалармен шағын ойын-тренинг өткізілді.

Танымдық кеште бірнеше турдан тұратын сайыс оқушылардың көркем әдебиетке құштарлығын арттырып, кітап оқуға ынталандыратындай, ой-пікір туғызатындай етіп өткізілді. Әр мектептен жиналған балалар сайыстарға белсене қатысты.

Сөзімнің соңында дәстүрімізді сақтай отырып, өскелең ұрпақтың білімін, рухани байлығын арттыру, тиімді ақпаратпен қамтамасыз ету өз қолымызда екенін айтқым келеді.

Ләззат ЕРҒОЖИНА,

Петропавл қалалық кітапханасының меңгерушісі.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика