Сіз мындасыз: Home RÝHANIAT ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

Облысымызға танымал “Қуанамын” және “Дружные ребята” би ұжымдары Ресейдің Новосібір қаласында өткен “Сила искусства” халықаралық фестиваліне қатысып, жеңіспен оралды.

Көрермендерін тамаша өнерлерімен қуанышқа бөлеп жүрген “Қуанамын” халықтық би студиясы “Хореография” аталымы бойынша жүлделі орынды қанжығаларына байласа, “Дружные ребята” ансамблі шығармашылық додада үздіктер қатарынан көрінді.

– Фестивальға Ресей Федерациясының ондаған қаласынан үміткерлер қатысты. Дайындығымыз жақсы болды, сондықтан да балалардың өнері жоғары бағаға ие болды, – дейді “Дружные ребята” ансамбілінің жетекшісі Расима Сучкова.

Алма ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика