Сіз мындасыз: Home RÝHANIAT ҚАРИЛАР ЖАРЫСЫ

ҚАРИЛАР ЖАРЫСЫ

Қасиетті Құран кәрім аяттарын жатқа және мәнерлеп оқу бойынша облыстық жарыс өтті. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкіл имамы, “Қызылжар” орталық мешітінің бас имамы Дүйсенбай Кенжетай қажы Байкемелұлы Құран жарысына қатысушы қариларға сәттілік тіледі.

Жарыста өңірімізден 30 үміткер бақ сынады. Олардың 20-сы ер адам болса, 10-ы – қыз-келіншек.

Облыстық кезең әдеттегідей төрт аталымнан тұрды. Алғашқы аталымда жарысқа қатысушылар Құранның толық 30 парасын жатқа айту бойынша сынға түссе, екінші аталымда 20 параны, одан кейінгісінде 10 параны жатық білу міндеті қойылды. Соңғы аталым – мәнерлеп оқу сыны.

Астана қаласынан келген қари ұстаздардың төрағалығымен рухани шара жеңімпаздарын анықтады. Жақсы нәтиже көрсеткен бірнеше жас Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен сәуір айында Алматы қаласында өтетін жарысқа жолдама алды.

“Қызылжар” орталық мешітінің наиб имамы Аян Болатұлының айтуынша, жастардың Құранды жаттауға деген ықыласы артып, жарысқа қатысуға ниет еткендер қатары қалыңдай түскен.

Жадыра ЕСЕНГЕЛДІ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика