Сіз мындасыз: Home RÝHANIAT АРУЛАРҒА АРНАЛҒАН КІТАП

АРУЛАРҒА АРНАЛҒАН КІТАП

Солтүстік Қазақстан мемлекеттік мұрағатында облысымыздың дамуына сүбелі үлес қосып жүрген аға буын өкілдері және жастардың қатысуымен “Солтүстік Қазақстанның ханымдары мен арулары” атты жаңа кітаптың электронды нұсқасы таныстырылды. Электронды жинаққа ХІХ ғасырдың ортасынан бастап қазіргі уақытқа дейін түрлі саладағы есімдері белгілі әйелдердің өмірі мен еңбек жолы енгізілген.

Тарихи құнды деректерден құрастырылған кітаптағы тізімнің басында қазақ әйелдерінен шыққан қоғам қайраткері, Абылай ханның келіні, Уәли ханның әйелі, Шоқан Уәлихановтың әжесі Айғаным ханым тұр. Бұл кітапқа Социалистік Еңбек Ері Қайни-Жамал Мусина, Сәруар Байсарина сияқты еңбек адамдарымен қатар, олардың ізін жалғап келе жатқан іскер әйелдер де енген.

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бейбіт Мұстафина, өнер саласының өкілі, “Күдер” ансамблінің жетекшісі Тойкен Күдерова сияқты қажырлы қызметімен көзге түсіп жүргендер жайлы мәліметтерді көруге болады. Еңбекпен шыңдалған әйелдердің жалпы тізімі елуге жуық.

Сонымен қатар кітапта 1945-1991 жылдар аралығында Батыр ана атанған екі мыңға жуық көпбалалы аналар жайында ақпарат бар.

– Бұл кітаптың алғашқы электронды нұсқасы ғана, алдағы уақытта ол жаңа есімдермен толығатын болады. Жалпы, бұл кітапты бірнеше том етіп шығаруды жоспарлап отырмыз, – дейді облыстық мұрағат директоры Сәуле Мәлікова.

Жиын соңында еңбекпен есейген аға буын өкілдері жастармен емен-жарқын сөйлесіп, ақыл-тілектерін айтты.

Алма ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика