Сіз мындасыз: Home RÝHANIAT “КӨКТЕМГІ ТАМШЫ”

“КӨКТЕМГІ ТАМШЫ”

Петропавл қаласының скрипкашы өрендері Достық үйінде өткен “Көктемгі тамшы” облыстық фестивалінде өнер көрсетті. “Кентрон” армян этномәдени бірлестігі ұйымдастырған шығармашылық шара Қазақстан халқының бірлігі күніне орайластырылды.

Өнердің басқа түрлерінен кештер жиі өткенімен, скрипкашылар фестивалінің алғаш рет ұйымдастырылғанын айта кеткеніміз жөн.

Қаламыздың скрипкашы өрендері жұртшылық назарына тамаша классикалық туындылар ұсынды. Фестивальда облыс орталығындағы білім беру мекемелерінің 30-дан астам өрені өнер көрсетті. Бір қуантарлығы, олардың дені – дайындық тобында және бастауыш сыныпта оқитын бүлдіршіндер.

Орынбасар ТӨЛЕПБЕРГЕНҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика