Сіз мындасыз: Home RÝHANIAT ТӘУЕЛСІЗДІК ШЕЖІРЕСІ

ТӘУЕЛСІЗДІК ШЕЖІРЕСІ

Мемлекет басшысының “Тәуелсіздік дәуірі” кітабы – тәуелсіз еліміздің шежіресі. Олай дейтін себебіміз, Елбасымыздың бұл туындысында еліміздің қалыптасу кезеңдері, жалпы саясаттағы негізгі басымдықтар, Қазақстанды дамытуға бағытталған тарихи маңызды шешімдердің терең мазмұны мен оларды іске асыру барысы жан-жақты баяндалған.

Иә, Тәуелсіздік – үлкен жеңіс. Бүгіндері біз кең-байтақ жері бар, көкбайрағы асқақ желбіреген, өзара ынтымақта өмір сүріп жатқан берекелі елміз. Елбасымыздың “Ел ертеңі – жастардың қолында” деген ұранды сөзін баршамыз санамызға сіңіруіміз қажет. “Адам капиталының жаңа мүмкіндіктерін арттырудың бірден-бір басымдығы – білім мен ғылымды меңгеру. Білім арқылы жаңашыл адамды тәрбиелей аламыз”, – деп атап көрсетті Мемлекет басшысы “Тәуелсіздік дәуірі” кітабында.

Елбасының туындылары туралы пікір алмасу мақсатында “Өрлеу” БАҰО” АҚ-ның облыстық филиалында “ТЕD Talk” диалогтық форматында “дөңгелек үстел” басында кездесу өтті. Қатысушыларға филиал директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Алма Мырзалинова еліміздің білім саласындағы реформалар мен талаптарды, ғылым жүйесінің жаңғыруы аясындағы негізгі өзгерістерді айтып берді.

Пікір алмасуға облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың басшысы Кемел Оспанов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ескендір Елеусізов, облыстық іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Бақытжан Сәмиева, мемлекеттік қызметкерлерді оқыту аймақтық орталығының директоры Сабыр Ибраев, “Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” АҚ-ы филиалы қызметкерлері, Ұлттық ұлан әскери институтының өкілдері мен М.Қозыбаев атындағы СҚМУ оқытушылары қатысты. Жиналған зиялы қауым Л.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің кафедра меңгерушісі Анатолий Башмаковтың Елбасының кітабы туралы пікірін бейнероликтен тыңдады.

Елбасы өзінің мақаласында “Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін əркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім əрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бəрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді”, – деп атап көрсетті. Еліміздің келешегін көздейтін жастар болса, соларға деген ең маңызды кітаптың бірі Елбасының осы еңбегі деп айтар едік. Бұл кітап біздің жастарымызды өз тарихын құрметтей отырып, патриоттық сезімге тəрбиелейтін құнды еңбек болып табылады.

“Дөңгелек үстелге” қатысушылар Елбасының жаңа еңбегі жайында өз ойларымен бөлісіп, қызу талқыға салды. Пікір алмасу соңында олар Елбасының көрегендігін, сындарлы саясатын мойындап, алға қойған мақсат пен міндеттерді жүзеге асыруға баршамыз атсалысуға тиістіміз деген ой түйді.

Қалқаш ЖОЛДЫҒАРИН,

“Өрлеу” БАҰО” АҚ-ы облыстық филиалы мониторинг және талдау бөлімінің жетекші маманы.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика