Сіз мындасыз: Home RÝHANIAT ШЕРЛІ ТАРИХ ШЕЖІРЕСІ

ШЕРЛІ ТАРИХ ШЕЖІРЕСІ

Облыстық тарихи-өлкетану мұражайында Курск иініндегі шайқасқа қатысқан жерлес жауынгерлердің жеке заттары қойылған көрме ашылды.

Курск шайқасы – тарихтағы ең ауқымды әрі екінші дүниежүзілік соғыста шешуші рөл атқарған ұрыстардың бірі. Ол 1943 жылдың 5 шілдесінен басталған. Бұл шайқасқа екі миллион адам, алты мың танк, төрт мың ұшақ қатысқан. Курск шайқасы барысында фашистер 30 дивизиясынан айырылған.

Курск иініне біздің де жерлестеріміз қатысып, ерлік көрсетті. Осынау соғысқа қатысқан Майтан Сандыбаев, Хасым Жұнысов, Қадыр Құлмұханбетов, Иван Шипп сияқты майдангерлердің жеке мұрағаттарынан алынған және мұражай қорында сақтаулы заттар көрмеге қойылып, жұртшылық назарына ұсынылды. Тарихи естеліктерді сақтау және жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру мақсатында ұйымдастырылған бұл көрме қан майданның ауыр күндерінен сыр шертеді. Мұражайда Петр Гноевыхтың соғыста ас ішкен қасығы, қойын дәптері мен марапаттары қойылса, авиация офицері Ростислав Фадеевтің кителі тұр. Павел Чинишловтың майданнан жазған хаттары, Виктор Кравцовтың марапаттары да көрменің мәнін аша түскен. Одан басқа да жауынгерлердің фотосуреттері көрмеге қойылып, ерліктері дәріптелді. Өкінішке қарай, қазіргі таңда Курск шайқасына қатысқан майдангерлердің көбі дүниеден өтті. Көзі тірі ардагерлер – Хасым Жұнысов, Сергей Новиков, Иван Шипп. Өздері қайтпас сапарға аттанса да, артында ерлік ісі қалған азаматтардың ұрпақтары да бұл шараға қатысып, естеліктермен бөліскенін айтқан жөн. Курск иінінің қатысушысы, соғыс ардагері Петр Гноевыхтың қызы Вера Сорокина әкесі жайлы тың деректермен бөлісіп, оның ерлік ісі ұрпағының есінде мәңгі сақталатынын жеткізді. Шара барысында өзге де қатысушылар сөз алып, аға ұрпақтың жауынгерлік жолын сөз етті.

Ақмарал ЕСДӘУЛЕТОВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Суретті түсірген

Талғат ТӘНІБАЕВ.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика