Сіз мындасыз: Home RÝHANIAT БЕЙБІТШІЛІК БЕСІГІ

БЕЙБІТШІЛІК БЕСІГІ

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай кітапхана оқырмандары, Ұлттық ұлан әскери институтының курсанттары, колледж студенттері мен мектеп оқушыларына арналған мәдени-танымдық кеш ұйымдастырылды.

Тәрбиелік маңызы зор кездесу бейбітшілік бесігінде тербелген еліміздегі бірлік, береке, этностар арасындағы достық тақырыптары төңірегінде өрбіді.

Әскери институттың тілдік дайындық кафедрасының профессоры, аға лейтенант Ақмарал Жамитова, курсанттар Ерназар Қапаров пен Евгений Бекдәулет ұлттар татулығы ынтымақтың бастауы екенін тілге тиек ете отыра, мәнді де мағыналы баяндама оқыды. “Дуслык” татар-башқұрт орталығының мүшесі Зулейха Бекметова өз сөзінде Қазақстандағы этносаралық келісім мен достық көпке өнеге және ол еліміздің басты байлығы екенін айтты. Зиялы қауым өкілдері бірауыздан Тәуелсіз Қазақстанның басты құндылықтарының бірі қоғамымыздағы татулық пен келісім екеніне тоқталды. Еліміз бүгінде ұлттар мен ұлыстар арасындағы туысқандықтың, ынтымақ пен ырыстың ордасына айналды. Осындай маңызды тақырып төңірегінде ой қозғаған алдыңғы буын ағалар болашағымыз жарқын болу үшін жастарды заман талабына сай оқу оқып, ел ертеңі үшін аянбай еңбек етуге шақырды.

Жиын соңында қонақтар “Ұлттық әдебиет достастығы” атты көрмені тамашалап, тарихтан сыр шерткен әдеби кітаптарды оқып, өнер мектебінің оқушылары ұсынған концерттік бағдарламаны көрді.

Алма ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика