Сіз мындасыз: Home RÝHANIAT МЕРЕКЕЛІК ҚҰТТЫҚТАУ

МЕРЕКЕЛІК ҚҰТТЫҚТАУ

Қымбатты солтүстікқазақстандықтар!

Құрметті әскери қызметшілер!

Сіздерді мемлекеттік мереке – Отан қорғаушы күнімен құттықтаймын!

Бұл күні біз бейбітшілік пен еліміздің тұрғындарының тұрақтылығын қамтамасыз ете отырып өмірлерін Отан қорғауға арнағандарға құрмет көрсетеміз. Нақ бүгін бұл миссияның әрдайым нағыз ер-азаматтардың артықшылығы мен міндеті болып келе жатқанын айтуымыз керек.

Қазақстан Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан еліміздің қорғаныс қабілетіне, осызаманғы және кәсіпқой армияны қалыптастыруға ерекше назар аударды.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының армиясы бай материалдық-техникалық жарақтармен, сапалы мобильдік резервпен, ұлттық әскери оқу орындарының жүйесімен және жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз етілген.

Бағзы заманнан бері қазақ жерінің даңқы батырлары мен ұлы қолбасшыларының ерліктерімен шыққан. Біздің ата-бабаларымыз еліміздің бостандығы мен тәуелсіздігі жолында қасық қаны қалғанша күрескен.

Қазақстанда Отан қорғаушы күні Ұлы Жеңіс күні қарсаңында атап өтіледі. Бұл қазақстандықтардың барлық ұрпағының әскери дәстүрлерінің сабақтастығын бейнелейді.

Бүгіндері біздің еліміздің әскери қызметшілері ата-бабаларының дәстүрлерін лайықты жалғастыруда – еліміздің қорғаныс қабілетін нығайтуға сүбелі үлес қосуда, жоғары кәсіптік даярлық пен әскери дағдының үлгісін көрсетуде.

Жыл сайын Солтүстік Қазақстан облысында мерзімді қызмет атқару үшін бір мыңнан астам азамат әскерге шақырылады.

Отан қорғаушылардың барлығына мықты денсаулық, мызғымас әскери рух пен тәуелсіз Қазақстанның игілігі жолындағы қызметтеріне табыс тілеймін!

Құмар АҚСАҚАЛОВ,

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика