Сіз мындасыз: Home RÝHANIAT ӘРБІР ШАҢЫРАҚТЫҢ ТӨРІНЕН ТАБЫЛСА...

ӘРБІР ШАҢЫРАҚТЫҢ ТӨРІНЕН ТАБЫЛСА...

Қызылжар өңіріндегі қазақ баспасөзінің қарашаңырағы – “Солтүстік Қазақстан” облыстық газетінің қай нөмірін оқысаңыз да, одан осы басылымның бастауында тұрған ұлы ақын Мағжан Жұмабаев бастаған алаш арыстарының асқақ рухы сезілгендей болады. Газет қызметкерлері әрдайым әділдік пен шындықты ту етіп ұстанып, Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы саясатын жан-жүректерімен қолдап, халқымыздың рухани жаңғыруы, Қазақстанымыздың “Мәңгілік Ел” болуы жолында қалтқысыз қызмет етіп келеді.

Газет редакциясы қай заманда болсын ұлтымыздың мүддесіне аянбай қызмет етіп келе жатқандықтан, Қызылжар жұртшылығының қасиетті рухани ордасы ретінде танылып, зор құрметке бөленіп отыр. Еліміздегі танымал журналистердің бірқатары “Шерханның шекпенінен шықтық” деп мақтанатын болса, “Солтүстік Қазақстанның” бүгінгі қаламгерлерінің дені өздерінің белгілі қоғам қайраткері, жазушы, журналист Жарасбай Сүлейменовтің шәкірттері екендігін орынды мақтан тұтады. Жарты ғасырға жуықтаған журналистік қызметінде ел мен жер тағдырына қатысты өзекті мәселелерді бұқаралық ақпарат құралдарында ғана емес, кезінде

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты мен Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты ретінде биік мінберлерден де талай көтерген қайраткер көсемсөзші басқарып отырған “Солтүстік Қазақстан” газетінің сөзі қазір де салмақты, маңызды, беделді екендігі даусыз.

Мен өзімнің ұшқан алтын ұям – сүйікті газетіме арнаған өлеңімде:

Арналған елге сөзіңде,

Арайлы күннің нұры бар.

Жол сілтеп жұртқа өзіңде,

Жүріпті талай ұлылар.

Солардың жаққан алауы,

Сөнген жоқ әлі бетіңде.

Сен де бір Қазақ жалауы,

Елімнің қиыр шетінде, – деп жазған екенмін. Елдің шетінде, желдің өтінде тұрған Қызылжар өңірінің өзіндік бір ұлттық жалауы сынды басылым әрбір шаңырақтың төрінен табылса, артықтық етпес еді.

Кәрібай МҰСЫРМАН,

Парламент Мәжілісінің депутаты, Қазақстанның құрметті журналисі.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика