Сіз мындасыз: Home RÝHANIAT БОЛАШАҚ САХНАГЕРЛЕР

БОЛАШАҚ САХНАГЕРЛЕР

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрында жұртшылық назарына “Алпамыстан Абайға дейін. Жаңа көзқарас” атты интерактивті қойылым ұсынылды.

Елдің мәдени мұрасын дәріптеу – уақыт талабы. Көрерменге ұсынылған шығарма – уақытпен үндескен тамаша туынды. Бұл қойылым – өнер колледжі – музыкалық-эстетикалық бейіндегі дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернатының оқытушылары мен студенттерінің ортақ еңбегінің жемісі.

Спектакльдің басты мақсаты – қазақ әдебиетінің құндылықтарын насихаттау, өскелең ұрпақтың санасына ұлттық болмыс-бітімді сіңіру. Ұлттық бірегейлік пен адамгершілік қасиеттерді насихаттау арқылы жастар күйбең тірлікпен күн кешкен көпшіліктің санасына сәуле шашып, көрермен көңіліне нұр құйды.

Қойылымның қоюшы-режиссері – Баатырбек Шамбетов. Шығармашылық топ Алпамыс эпосын негізге алған. Ал сары ауыз балапандай қанаттарын қомдап, өнер дейтін шексіз әрі шетсіз әлемге бет алған болашақ сахна сайыпқырандары Алпамыс эпосы арқылы даланың өмірін түсінуге тырысқан данышпан ақын Абайдың шығармашылық идеясына терең мән беріп, халық ауыз әдебиетінің озық үлгілерін паш етті. “Біткен іске сыншы көп” демекші, шығармашылық еркіндікке құлаш ұрған студенттерге мін тағып, сын айтушылар табылар. Дегенмен, өнер айдынына құлаш ұрған студенттердің алғашқы қадамы қуантады.

Ақмарал ЕСДӘУЛЕТОВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика