Сіз мындасыз: Home RÝHANIAT ЖАҢАШЫЛДЫҚТЫҢ ЖАҚСЫЛЫҒЫ КӨП

ЖАҢАШЫЛДЫҚТЫҢ ЖАҚСЫЛЫҒЫ КӨП

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның орталық кітапханасында “Нұр Отан” партиясы аумақтық филиалының өкілдері жастармен кездесіп, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін онлайн кітапхана қызметін көрсету мәселесін талқылады.

Заманауи технологиялардың арқасында кітапханалар коворкинг-орталық қызметін де қоса атқаратын жағдайға жетті. Яғни, тұрғындар кітапханаға келіп, интернетке еркін кіре алады, сонымен қатар кеңес алу, пікірталас алаңдарын да пайдаланады. Бір айдай уақыт бұрын аудандық кітапхана қабырғасында ашылған коворкинг-орталық Новоишим ауылы тұрғындарының ерекше қызығушылығына ие. Тұрақты келушілер арасында мүмкіндігі шектеулі адамдар да бар. Бүгінгі таңда ауданда мұндай жандардың кітапхана қызметіне қолжетімділігін арттыруға жіті көңіл бөлініп келеді. Жиын барысында мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет қалайша көрсетілетіні туралы айтылып, жастардың ұсыныстары тыңдалды.

Кітапханада көзі нашар көретін немесе мүлдем көрмейтін адамдар үшін Брайль қарпімен басылған кітаптар беріледі. Олар сонымен қатар онлайн оқу қызметтерін пайдалану мүмкіндігіне де ие. Аудан орталығында өздігінен қозғала алмайтын адамдар тұрады, олар үшін кітаптарға қашықтан қол жеткізу қызметі көрсетіледі. Яғни, кітаптардың электрондық нұсқасы олардың пошталары мен мессенджерлеріне жіберіледі. “Коворкинг-орталық мүмкіндігі шектеулі жастар үшін кітап оқудан басқа, үстел ойындарын ойнап, өзара әңгімедүкен құратын, жаңалықтармен бөлісетін орынға айналуы тиіс”, – деді жастар.

“Нұр Отан” партиясының жуырда бастау алған “Кедергісіз келешек” жобасы мүгедек жандарға көмек көрсету, мүмкіндіктерін кеңейту мақсатын көздейді. Бұл жоба аясында ауданымызда бірнеше шара өткізу жоспарланып отыр.

Жұлдыз БИҒОЖИНА,

“Нұр Отан” партиясының Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық филиалының кеңесшісі

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика