Сіз мындасыз: Home RÝHANIAT ТҰРҒЫНДАР ПІКІРІ АНЫҚТАЛДЫ

ТҰРҒЫНДАР ПІКІРІ АНЫҚТАЛДЫ

Этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтау жергілікті мемлекеттік органдар қызметінің басты бағыттарының бірі болып табылады. Наным-сенімдері, этносы әртүрлі адамдардың келісім мен ынтымақтастығы еліміздегі саяси тұрақтылықтың сақталуына экономиканың дамуы мен қоғамның өрлеуіне ықпал ететіні сөзсіз.

Қазіргі таңда облысымызда ондаған діни конфессияның өкілдері тұрып жатыр. Облыстық дін істері басқармасының конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы өңіріміздегі түрлі конфессиялар мен діни ағымдардың қарым-қатынасын, өзара келісім деңгейін анықтау мақсатында мониторинг жүргізді. Сауалнама арқылы 13 аудан мен облыс орталығының кәмелеттік жасқа толған тұрғындарының пікірі анықталды. Зерттеу нәтижесінде облыс тұрғындарының 82,9 пайызының белгілі бір дінге сенетіні белгілі болды. Ал әр алтыншы адам айына бірнеше рет ғибадат орындарына барып тұрады екен. Дінге сенушілердің 80,5 пайыздан астамы діни мерекелерді атап өтетін көрінеді. Өз наным-сенімдеріне қарай адамдар салт-дәстүрлерін сақтап, әр апта сайын құлшылығын жасайды. Сауалнамаға қатысушылар облыстағы дін қызметкерлерінің білімдеріне де өз бағаларын бер ген. Сондай-ақ, пікір білдіргендердің 81 пайызы діни ахуал жақсы, өңірде конфессияаралық қарым-қатынас тұрақты деп бағалаған.

Өңір жұртшылығының еліміздегі діни экстремизм мен лаңкестіктің алдын алу шараларынан, 2018-2022 жылдарға арналған діни экстремизм мен лаңкестікке қарсы мемлекеттік бағдарламадан хабардар екені белгілі болды.

Мониторинг қорытындысы бойынша, облыстағы және жалпы еліміздегі діни ахуал мен конфессияаралық қарым-қатынас тұрақты деуге болады. Мемлекет тарапынан жүргізілетін төзімділік пен конфессияаралық келісім саясаты халық арасында қолдау тапқан. Сауалнамаға қатысушылар діни сауаттылықты арттыру үшін ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жиі өткізу қажет деген пікірлерін де білдірді. Орталық осы сияқты мониторинг пен түсіндіру жұмыстарын, сонымен қатар әлеуметтік зерттеулерді де жүйелі түрде жүргізеді. Бұл бағытта олар облыстық және аудандық ақпараттық-түсіндіру топтарымен, бұқаралық ақпарат құралдарымен және дін қызметкерлерімен бірлесіп жұмыс істейді.

Олег СИНЯКОВ,

конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының бөлім басшысы.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика