Сіз мындасыз: Home RÝHANIAT ЖАЗУШЫ ХАЛЫҚ ЖҮРЕГІНДЕ

ЖАЗУШЫ ХАЛЫҚ ЖҮРЕГІНДЕ

Биыл жерлесіміз, көрнекті жазушы Иван Шуховтың туғанына 112 жыл толып отыр. Жазушының туған күніне орай оның есімін иеленген орталық қалалық кітапханада әдеби-музыкалық кеш өтті.

Рухани шараға мұражай қызметкерлері, театр актерлері және әскери қызметкерлер жиналды. Махаббат, достық, туған жер тақырыбында қалам тербеген жерлесіміздің өшпес ізі, өлмес мұрасы – оның туындылары.

– Оқырмандар арасында жазушының кітаптарына сұраныс жоғары. Әсіресе, аға буын оның әдеби мұраларын жиі алып оқиды. Шығармаларының арасында “Пресновские страницы” повесі, “Горькая линия” романы танымал. Аталған еңбектерде автордың өмірбаяны, өлкеміздің әсем табиғаты туралы мол деректер бар. Иван Шуховтың еңбектері оқырман үшін үлкен олжа, – деді И.Шухов атындағы қалалық кітапхананың библиографы Ғалия Мелешкевич.

Кеш барысында жиналғандар жазушының өмірі, шығармашылығы мен қызметіне де шолу жасады. “Ударник”, “Литературный Казахстан” газеттеріне басшылық еткен жерлесіміздің еңбектеріне, көбінесе, әлеуметтік, саяси-экономикалық, адамгершілік мәселелер арқау болған. Әсіресе, жазушы орыс және қазақ халықтарының жаңа заман орнату жолындағы еңбегін, этносаралық достықты асқан шеберлікпен баяндай білген. Оның туындыларына М.Горький жоғары баға бергенін, көркем аударма саласында да табысты еңбек етіп, С.Мұқанов, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин секілді танымал тұлғалардың шығармаларын орыс тіліне аударғанын көпшілік жақсы біледі. Оның өз туындылары да бірқатар тілдерге аударылып, басылған.

– Иван Петровичті бұрынан танимын. Партиялық жиналыстарда үнемі қасында жүрдім. Өзі сыпайы, көпшіл адам болатын. Әңгімелері маған қатты ұнайды. Жеке кітапханамда барлық жинақтары бар. Жазушы өз өлкесін жақсы суреттеген. Жазушының шығармаларын шөберелерім де қызыға оқиды, – деді қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі Екатерина Ильина.

Берік ҚАСЕН.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика