Сіз мындасыз: Home RÝHANIAT КИЕЛІ ҚЫЗЫЛЖАР

КИЕЛІ ҚЫЗЫЛЖАР

Шілде айында облыстық мұражай қызметкерлерінің қауымдастығы “Тарихы терең – киелі Қызылжар” экспедициясын ұйымдастырған болатын. Он күннің ішінде экспедиция өңірдің алты ауданын аралады. Олар көненің көзі – ауыл ақсақалдарымен кездесіп, жергілікті мұражайлардың бай қорымен танысты. Бұрнағы күні экспедиция жұмысының қорытындысы шығарылды.

Облыстық тарихи-өлкетану мұражайы директорының орынбасары Еркін Шалкеновтың айтуынша, экспедиция мүшелері елді мекендер мен аудандардың тарихын зерттеп қана қоймай, мектепішілік және өзге де шағын мұражайларға әдістемелік көмек көрсетті.

Мағжан Жұмабаев ауданында аталмыш экспедиция өкілдері өлкедегі ең көне елді мекендердің бірі – Беняш ауылына да ат басын тіреді. Алпыс шақты үй түтін түтетіп отырған ауылдың тарихы бай. Ауыздан-ауызға, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен аңыз-әңгімелер әлі күнге көпшіліктің жадында.

Өлкетанушылар көрген-білгендерін тарихи құжаттармен салыстырады. Кейін ауқымды ғылыми мақалалар жазып, жинақ ретінде жарыққа шығармақшы. Ал ауылдағы ағайын сыйға тартқан жәдігерлерді экспедиция мүшелері “Музейге тарту” республикалық акциясы аясында облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қорына табыстады.

Дулат ҚОЖАХМЕТОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика