Сіз мындасыз: Home RÝHANIAT ҚЫЗЫҚТЫ КЕШ

ҚЫЗЫҚТЫ КЕШ

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада Қазақстан халқы тілдері күніне орай кеш өтті.

Шараға Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалы мамандары қатысты. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің ұйымдастыруымен өткен шара мемлекеттік қызметшілердің өзін-өзі дамытуына, рухани байлығын арттыруға және ұжымның бірлігін нығайтуға бағытталған.

– Біздің басты мақсатымыз – мемлекеттік қызметшілердің қазақ тіліне құрметпен қарауына, тілді еркін меңгеруіне ықпал ету. Сондай-ақ, бірлігі мен берекесі, татулығы мен тірлігі жарасқан қазақ еліне сүйіспеншілікті арттыру, – деді департамент басшысы Елена Степаненко.

Шараға қатысушылар ақиық ақын Мағжан Жұмабаевтың өлеңдерін оқып, бір шаңырақ астында тұрып жатқан көпэтносты Қазақстан халқының бірлігін паш етті.

Ақмарал ЕСДӘУЛЕТОВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика