Сіз мындасыз: Home RÝHANIAT АУЫЛ МҰҒАЛІМІНІҢ СҮЙІКТІ ІСІ

АУЫЛ МҰҒАЛІМІНІҢ СҮЙІКТІ ІСІ

Тимирязев ауданында тұратын Марат Андағұлов жануарлардың мүйіздері мен сүйектерінен тамаша мүсіндер жасайды.

– Біз ұлан-ғайыр далада өмір сүреміз. Табиғат-Ананың құдіретіне қайран қалмасқа лаж жоқ. Суасты әлемінде небір таңғажайып жануарлар мекендейді. Соның бәрін жұмыстарым арқылы көрсеткім келеді. Қазақтар ежелден табиғат материалдарын шебер қолданған. Мәселен, түймені мүйіздерден жасаған. Қозы немесе өгіздің терісінен қамшы өрген. Керексіз заттарды тиімді пайдаланса, тәуір бұйымдар жасауға болады, – дей келе Интернационал орта мектебінің технология пәнінің оқытушысы Марат Андағұлов жарамсыз заттарды іске асыруды әдетке айналдырғанын айтты. Әкеден балаға дарыған төл өнердің арқасында шығармашылық қабілетімен талайдың таңдайын қақтырып, тамсандырған оның жұмыстары көздің жауын алады.

Дизайн үйірмесінің жетекшісі мүйіз бен сүйектерді ғана қолданумен шектелмейді. Темір, ағаштан да тұрмысқа қажетті бұйымдар жасайды. Бір мүсінді жасауға бірнеше ай кетеді. Кейде қор таусылып қалатын көрінеді. Бұл – шебердің күн сайын тынымсыз еңбегінің дәлелі. Қырық жыл балаларды білім нәрімен сусындатып, өскелең ұрпақты өнерге баулып жүрген ұстаз оқушылардың қолөнерге қызығушылығы ерекше екенін жеткізді. Өнер үйренуге талпынған балалардың жетістігі жаман емес. Ұстаз бен шәкірттерінің жұмысы талай көрменің сәнін келтіріп, көрермендердің көңілінен шыққанын атап өткен жөн.

Ақмарал ЕСДӘУЛЕТОВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика