Сіз мындасыз: Home RÝHANIAT САМАЛ ТАҒЫ ДА ТОП ЖАРДЫ

САМАЛ ТАҒЫ ДА ТОП ЖАРДЫ

Түркияның Анталия қаласында өткен 55-ші халықаралық кинофестивалінде жерлесіміз Самал Есләмова үздік актриса атанды.

Кино саласының мамандарын бір арнаға тоғыстырған фестивальға он фильм ұсынылған. Оның екеуі – түрік кинематографтарының картинасы.

“Үздік актриса” аталымын “Айка” фильмінде басты рөлді сомдаған Самал Есләмова иеленді. Ал “Капернаум” фильмінде ойнаған Заин әл-Рафеа “Үздік актер” атанса, жапониялық режиссер Хирокадзу Корээда “Дүкен ұрылары” картинасы үшін “Үздік режиссер” аталымы бойынша жеңіске жетті. Ирандық режиссер Джафар Панахидің “Үш бейне” атты туындысы “Үздік фильм” атағына ие болды.

“Анадолы” агенттігінің хабарлауынша, жеңімпаздарға марапатты белгілі америкалық киноактер Эрик Робертс табыстаған. Бұл жолы марапаттау рәсімін 34 мың көрермен тамашалаған. Бұған дейін Францияда өткен Канн кинофестивалінде үздік актриса атанған Самал Есләмованың кезекті жеңісі жерлестерінің мерейін үстем етуде.

“Қызылжар-Ақпарат”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика