Сіз мындасыз: Home RÝHANIAT БАС ЖҮЛДЕ – ӨҢІР ПОЛИЦЕЙЛЕРІНДЕ

БАС ЖҮЛДЕ – ӨҢІР ПОЛИЦЕЙЛЕРІНДЕ

Талдықорған қаласында өткен кезекті “Парасатты полицей” республикалық байқауынан облысымыздың құқық қорғаушыларынан құрылған “15-ші өңір” командасы жеңіспен оралды.

Мемлекеттік тіл байқауы Ішкі істер министрлігі мен оның облыстардағы құрылымдарының мамандарынан жасақталған 21 команда арасында өтті.

Жергілікті команда Астананың 20 жылдығына арналған байқаудың үш кезеңіне де мықтап дайындалды. Департаменттің жас қызметкерлерінен тұратын командаға соңғы төрт жыл қатарынан Петропавл қаласы ішкі істер басқармасының инспекторы, полиция аға лейтенанты Әлішер Жармағамбетов жетекшілік етеді. Оның айтуынша, команданың әр мүшесі – Петропавл қалалық бірінші және екінші полиция бөлімдерінің жедел уәкілдері, полиция аға лейтенанты Ғалия Ибраева мен полиция капитаны Гариф Хамзаев, облыстық ішкі істер департаментінің айдауылдау взводының полицейі, полиция аға сержанты Рауан Бимақанов, қалалық ішкі істер басқармасының жолпат-рульдік полициясы батальонының қызметкері, полиция кіші сержанты Мадияр Жанболсынов жеңіске жету үшін бар өнерлерін ортаға салды. Бәрі дерлік – байқаудың облыстық кезеңіне қатысушылар арасынан іріктеліп алынған дарынды жастар. Сайыскерлер мемлекетіміздің құрылу тарихы туралы сұрақтарға жауап беріп, мәнерлеп оқу, сахналық шеберліктерін көрсету сындарынан да сүрінбей өтті. Қазылар алқасы қызметтік құжаттарды мемлекеттік тілде ресімдеп, кәсіби терминдерді қолданудағы сауаттылықтарын да сынға салды.

– Дайындық кезінде бізге жергілікті театрлардың ұжымдары үлкен көмек көрсетеді. Бұл жыл сайын қойылымдарымызда қолданылатын сюжеттер мен композицияларды өзгертіп тұруға мүмкіндік береді, – дейді облыстық ішкі істер департаментінің мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің басшысы Мәдина Балғашоқова.

Динара САҒЫНДЫҚОВА,

облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің аға инспекторы.

 

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика