Сіз мындасыз: Home RÝHANIAT ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

 

Петропавл қаласында облыстық кәсіпкерлер палатасы жанындағы Іскер әйелдер кеңесінің демеушілігімен журналистер арасында өткен “Алтын сөз – 2018” облыстық байқауы өз мәресіне жетті. Шығармашылық байқауға газет, телеарна және сайт тілшілері шағын және орта кәсіпкерлік тақырыбындағы материалдарын жолдаған болатын.

Салтанатты шара барысында сөз алған облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Дархан Қалиев Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында кәсіпкерлер мемлекеттік қолдауды сезініп отырғанын тілге тиек етіп, бұл салаға қалам тербеп жүрген тілшілерге ризашылығын білдірді. Ал палата жанындағы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Лейла Сайдашева кәсіпкерлікті қолдау мақсатында жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламаларды насихаттап, Елбасы саясатын елге түсіндіруге атсалысып жүрген журналистер қызметінің ерекше маңызға ие екенін атап айтты.

Дәстүрлі сайысқа облыс орталығынан, Аққайың, Жамбыл, Қызылжар, Мамлют, Тайынша және Ғабит Мүсірепов атындағы аудандардан 33 тілші қатысып, қазылар алқасының назарына қазақ және орыс тілдерінде дайындалған 134 телесюжет және жиырмадан астам мақала ұсынған.

Байқау жеңімпаздарына сыйлықтар мен дипломдар табысталды. “Үздік телесюжет" аталымында “МТРК”, “Евразия” телеарналарының журналистері Мағжан Ахмадина мен Ольга Витукевич, “Үздік мақала” аталымында “Добрый вечер” газетінен Ерлан Оразов пен әріптесіміз, “Soltústіk Qazaqstan” газетінің экономика бөлімінің меңгерушісі Қанат Атаманов жеңімпаз атанса, руханият бөлімінің аға тілшісі Алма Жүсіпова бұл аталымда екінші орынға ие болды. Ал “Үздік сайт мақаласы” аталымында “Baq.kz” порталының тілшісі Эльмира Кәленова марапатталды.

Нұржан СЕЙІЛБЕКОВ,

«Soltústik Qazaqstan»

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика