Сіз мындасыз: Home RÝHANIAT ОРТАҚ БАЙЛЫҚ

ОРТАҚ БАЙЛЫҚ

Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында облыс орталығында бірқатар мәдениойын-сауық шаралары өтуде.

250 орынға шақталған “Новый свет” кинотеатрында Шәкен Айманов киностудиясы ресейліктермен бірлесіп түсірген көркем фильмдер көрсетіліп, облыс орталығының тұрғындары бұл үздік туындыларды тегін тамашалауда. Қазақтың біртуар әншіcі Әміре Қашаубаевтың ғұмырын баяндайтын “Әміре”, генерал И.В.Панфиловтың қол астында болған 316шы атқыштар дивизиясының көрсеткен ерліктеріне арналған “28 панфиловшылар”, ананың перзентіне деген шексіз махаббаты туралы “Анаға апарар жол” фильмдері көрерменге жол тартты.

Ал Ауғанстаннан туған жеріне оралған қазақ отбасының өмірін баяндайтын “Оралман” фильмін орыстілді субтитрмен қазақ тілінде тамашалауға болады. “City Mall” сауда ойынсауық кешеніндегі “Cinema park” кинотеатрында қарапайым отбасының тіршілігін бейнелейтін “Жаңғақ ағашы” фильмі көрсетілді. Бұл кинотуындылардың барлығы – Қытай, Польша, Корея елдерінде өткен фестивальдарда жүлде алған фильмдер.

Жастар сарайында Ресейдің шекаралас облыстарының шығармашылық ұжымдары әзірлеген “Достық көпірі” галаконцерті де көпшіліктің көңілінен шықты. Ал Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында Сәбит Мұқановтың “Шоқан Уәлиханов” пьесасы сахналанды.

Орынбасар ТӨЛЕПБЕРГЕНҚЫЗЫ,

“Soltústіk Qazaqstan”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика