Сіз мындасыз: Home RÝHANIAT ҚҰНДЫ ҚҰЖАТТАР

ҚҰНДЫ ҚҰЖАТТАР

Қазақстан мен Ресей елдерінің ынтымақтастық форумы аясында облыстық мемлекеттік мұрағатта “Солтүстік мұрасы: бірегей мұрағаттық құжаттар тарихы” тақырыбында жылжымалы көрме өтуде.

Көрменің экспозициясы “Тәуелсіздік туын көтерген Абылай хан”, “Тарихи тұлғалар”, “Петропавл қаласының тарихы – сәулет ескерткіштері фотосуреттерінде”, “Қызылжардың ұлт зиялылары” және “Солтүстік Қазақстан облысының киелі жерлері” деп аталатын бес бөлімнен тұрады. Көрмеде ұсынылған тарихи құндылығы жоғары бірегей құжаттардың қатарында Абылай ханның Қытай императорына жазған хаты, ІІ Ека­терина патшайымның Абылайды Орта жүздің ханы етіп бекіткен патенті, басқа да көптеген маңызды құжаттар бар.

Көрме, негізінен, өңірімізден шыққан көрнекті тұлғалардың – саяси, мемлекеттік және қоғам қайраткерлерінің, Кеңес Одағы батырларының, Социалистік Еңбек Ерлерінің, ғарышкерлер мен тың игерушілердің, ғылым, мәдениет, өнер салаларының дамуына үлесін қосқан адамдардың өмір жолынан сыр шертеді.

Келушілер назарына “Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы” ұлттық жобасына енген нысандар көрсетілді.

Тұрғындар Қызылжардың тарихынан сыр шертетін құнды құжаттар қойылған көрмені қараша айының ортасына дейін тамашалай алады.

Орынбасар ТӨЛЕПБЕРГЕНҚЫЗЫ,

“Soltústіk Qazaqstan”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика