Сіз мындасыз: Home РУХАНИЯТ АҚЫН АМАНАТЫН АРҚАЛАҒАН

АҚЫН АМАНАТЫН АРҚАЛАҒАН

Елбасының “Туған жер” бағдарламасы аясында ұйымдастырылған “Мағжанға – тағзым” экспедициясы облысымызда болып, тарихи жерлерді аралады. Жұртшылықпен кездесулер өткізіп, ұлттық-рухани танымдық әңгімелер өрбітті. Игі шараға облыстық әкімдік, мәдениет, архив және құжаттама басқармасы, Мағжан Жұмабаев ауданының басшылығы қолдау көрсетті.

Құрамында атыраулық Абдулла Әбдірахманов, алматылық, Қазақстанның құрметті журналисі Рысбек Сәрсенбай, “Азаттық” радиосының тілшісі Сәния Тойкен, шығысқазақстандық өлкетанушы Алдияр Ақылбекұлы бар делегация мүшелері алдымен орталық демалыс саябағындағы мұсылмандар зиратына барып, Мағжанның әкесі Бекеннің қабіріне тәу етті. Аруақтарға Құран бағыштап, дұға оқыды.

Одан кейінгі сапар Мағжанның туған жерінде жалғасты. Меймандарды Мағжан Жұмабаев ауданының әкімі Асқар Бегманов қарсы алып, “дөңгелек үстел” басында Алаштың ақиық ақынының өмірі мен шығармашылығына қатысты небір сырлар шертілді. Топ жетекшісі Рысбек Сәрсенбай сапар барысын баяндап берді. Экспедиция өз жұмысын 2011 жылы бастап, Мағжанға қатысты тың деректерді іздестіру мақсатымен, қиян түкпірдегі Магаданға дейін барып қайтқан.

Сарытомарға ат басын тіреген меймандар ақынға арналған мұражайда қойылған жәдігерлермен, құнды заттармен танысты. Ауыл ақсақалдарымен, мектеп мұғалімдерімен кездесіп, ой-пікірлер алмасты. Ұлттық бірегейлікті сақтаудың жолдары талқыланды. Ақынның рухына тағзым етіліп, қонақасы берілді.

М.Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледжінде өткен жүздесуде де көзі жұмылғанша “елім, халқым, қазағым” деп өткен тұлғаның жастарға берер өнеге-тәлімдері дәріптелді. Студенттер ақынның өлеңдерін оқып, аманатқа адал екендіктерін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Өмір ШАЛАБАЙҰЛЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.