Сіз мындасыз: Home RY'HANI'AT

Категория: RY`HANI`AT

ЕСІЛДІҢ ЕРКЕ ПЕРЗЕНТІ

Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” бағдарламалық мақаласы аясында жерлесіміз, ақын, әнші, сазгер, Мәдениет қайраткері Бүркіт Бекмағанбетовтің “Есілдің мен де бір ерке ұлымын” атты шығармашылық кеші өтті.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 43

Категория: RY`HANI`AT

СЕГІЗ ҚЫРЛЫ, БІР СЫРЛЫ

Облыстық музей “Рухани жаңғыру” бағдарламасының шеңберінде әуесқой әнші, термеші Дәстен Баймұқановтың 60 жылдығына арналған әдеби-сазды кеш ұйымдастырды. “Шабыт құшағында” деп аталған шараға зиялы қауым, білім және мәдениет ошақтарының өкілдері, Мағжан Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледж студенттері қатысты.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 46

Категория: RY`HANI`AT

ПАРАСАТТЫ ҚАЛАМГЕР

Өнердегі ұстаздары Л.Толстой мен Б.Майлин сияқты Төлен Әбдікұлының қаламгерлік ұстанымы – сөз өнеріндегі ауқымды мазмұн мен шынайы сурет, астарлылық пен нақтылық. Ол – сегіз қырлы, бір сырлы тұлға, әдебиетіміз бен мәдениетіміздің дамуына мол үлес қосқан қайраткер. Бекзат бітімді, бекем пікірлі, айтқанынан айнымайтын, өзін қайталамайтын суреткер. Ол – қазақ журналистикасының ардагері, “Қазақстан пионері” газеті мен “Жалын” журналынан басталған табысты еңбегі елге елеулі. Егемен ел үшін аса маңызды “Өркениет” журналын жарыққа шығарғаны – ерлік. Ол – ұлттық театр мен киноның өркендеуіне үлес қосқан және оған бек мүдделі болған жан. Оның куәсі – көрермені қалың “Өліара”, “Біз үшеу едік”, “Ардагер” пьесалары мен фильмдер. Ол – шебер аудармашы, киелі домбырасына сан алуан сазды сыйдырған күйші композитор, боз кілемге талай қарсыласының жауырынын тигізген белгілі балуан. Ол – ұзақ жылдар бойы жауапты қызметтерді абыроймен атқарған мемлекет және қоғам қайраткері.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 33

Категория: RY`HANI`AT

ҮЗДІК ӨЛКЕТАНУШЫ

Таяуда Астанада “Қазақстанның қасиетті жерлерінің географиясы” жөніндегі жұмыс тобының екінші республикалық форумы өтті. Мәдениет және спорт министрлігінің ынтасымен Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне ұлан-байтақ елімізден өлкетанушылар, тарихшы-этнограф ғалымдар, түрлі деңгейдегі музей қызметкерлері жиналды. Жиынға қатысушылар Ұлттық музейде “Рухани жаңғыру” көрме залын салтанатты түрде ашты, Қазақстан халқы Ассамблеясы залындағы “Сақтар қазынасы” ерекше қоймасының ашылуын қызықтады.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 36

Категория: RY`HANI`AT

ДАРА ТҰЛҒА

Петропавлда көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы, Дінмұхамед Қонаевтың туған күніне орайластырылған шара өтті.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 28

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.