Категория: RÝHANIAT

- Құрылды 24 Сәуір 2018
ЖҰЛДЫЗДАР СӘУЛЕСІ
Қызылжардың төрінде күмбірлеген күймен әсем әннен алқа таққан ауқымды мәдени кеш өтті. Үш жүзге жуық өнер иесінің басын қосқан екінші республикалық халық аспаптары оркестрлері мен ансамбльдерінің “Гауһар тас” фестивалі ақын, сазгер, әнші Сегіз сері (Мұхамедқанапия Баһрамұлы) бабамыздың 200 жылдығына арналды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” бағдарламалық мақаласымен үндестік тапқан іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне облыс әкімдігі, мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мұрындық болды.
Категория: RÝHANIAT

- Құрылды 24 Сәуір 2018
МЕРЕКЕЛІК ШАРАЛАР ЖЫЛ БОЙЫ ӨТЕДІ
Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Астананың 20-жылдық мерейтойына қатысты жоспарланған 100 ауқымды шара туралы айтты. “Келешекте Астанада қалыптасқан түрде өтетін үш-төрт шара қажет. Кезінде өтіп тұрған “Азия дауысы” фестивалінің конкурстық финалына билет табылмайтын. Оның жабылып қалғаны өкінішті, әрине. “Voice of Astana” халықаралық эстрада әндері фестивалі орнын басу керек деген ойдамыз. Фестиваль 15-16 маусымға жоспарланып отыр және мәдени іс-шаралардың ішінде бұған ең көп қаржы жұмсалады. Фестивальға шетел жұлдыздарын шақырмақшымыз”, – деп жазды министр “Фейсбуктегі” парақшасында.
Категория: RÝHANIAT
- Құрылды 21 Сәуір 2018
КІТАПХАНАДАҒЫ МЕРЕКЕ
Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай “Кітап – уақыттың мәңгілік куәгері” атты шара өтті.
Категория: RÝHANIAT
- Құрылды 21 Сәуір 2018
ҚЫЗЫМ, САҒАН АЙТАМ...
“Қызылжар” орталық мешітінде “Келін қайын ененің топырағынан” деген атпен “дөңгелек үстел” өтті. Мешіттің “Әйел – қыздар” секторының ұйымдастыруымен жүзеге асқан тәрбиелік шарада отбасындағы мәселелер ортаға салынды.