КООПЕРАТИВТЕР ҚАЛАЙ ҚАРЖЫЛАНДЫРЫЛАДЫ?

Елбасы алдағы бес жылдың ішінде 500 мыңнан астам үй шаруашылығы мен шағын фермерді кооперативтерге біріктіру міндетін қойды. Осыған орай, Үкімет Қазақ­стан Респуб­ликасындағы агро­өнер­кәсіп саласын дамытудың мемлекет­тік бағдарлама­сын бекітті, оның негізгі мақсаты бәсекеге қабілетті агроөнеркәсіп кешенінің өнімін нарыққа шығару болып табылады.

Жаңа аграрлық бағдарлама­ның бұған дейін жүзеге асырыл­ған стратегиялардан басты ерек­ше­лі­­гі – жеке, шағын шаруа қожалықтары мен фермерлік шаруашылықтардың әлеуетін арттыру үшін оларды кооперативтерге біріктіріп, осы арқылы ауылдағы әлеуметтік өмір деңгейін көтеру болып табылады.

Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағдар­ла­ма­сы­ның негізгі мақсаттары­ның бірі – шағын және орта қожалықтарды ауыл шаруа­шылығы кооперациясына тарту. Осы күні ауыл шаруашылығы өнімінің 80 пайыздан астамы же­ке қосал­қы шаруашылықтарда шы­ға­ры­­лады, алайда, өңдеу өнер­кәсіптеріне дейін бұл өнім жетпей жатады.

Кооперативтерге біріктіру арқылы шешілетін негізгі мәселе – логистика болмақ. Қазақстан жыл сайын сұйық май, ірімшік, жеміс консервілері, қант және т.б. азық-түлік өнімде­рін импорттайды. Кооперация шеңберінде ауыл шаруашылығы тауарын өнді­ру­шілер өз өнімін өндіріп, ал кооперативтер оны қала немесе кәсіпорынға дейін жеткізіп тұрады.

Бұл – өте маңызды. Жалпы, мемлекеттік саясат ауыл шаруашылығы коопера­тивтері­нің қызметіне жан-жақты қолдау көрсетуге бағытталған. Шаруа­шы­лықты осы тұрпатта жүргізу үшін салық төлеу, несиелеу мен қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету мақсатында барлық жағдай қарастырылған.

Ауыл шаруашылығы өнімін шығарушының шеккен шығын­дарын өтеу тұрғысында мемлекет асылтұқымды мал ша­руа­­шы­­лығын дамытуға; тұ­қым ша­руа­шылығына; өңдеу кәсіпорындарының ауыл шаруа­шылығы өнімін сатып алып, мал мен өсім­дік шаруашылықтарындағы өнімді терең өңдеуге; өсім­дік шаруашылы­ғындағы сақтан­дыруға; инвестициялық салым шығынының бір бөлігін өтеуге, кепілді және сақтан­дыру несиелеріне; қосымша құн салығының есептелген салығы­ның шегінде бюджетке төленген қосымша құн салығының сомасына; қаржылық тұрғыдан жақсарту мақсатында бөлінетін несие мен лизингтік міндеттемелердің пайыздық жарнасына; несие бойынша сыйақы жарналарына және технологиялық қондырғылар мен ауыл шаруа­шылығы техникасына лизинг бойынша; ауыл шаруашылығы коопера­тив­терінің ревизиялық одақтары­ның ішкі аудитін өткізу шығынына; көктемгі егіс науқанын несиелеуге демеуқаржы бөледі.

Ауыл шаруашылығы минис­трлігі жоғарыда көрсетіл­ген ба­сым бағыт­­тардың жа­ңар­­тыл­­­ған ережелерін, өнімді жұ­мыс­­пен қамту, жаппай кәсіпкерлік­ті қолдау бағдарлама­сының шеңберінде микроқаржы ұйымдары мен несие серіктестік­тері­нің ауылды жерлерде және шағын қала­лар­да беретін ми­кро­не­­сиеге кепіл болып, микроқаржылық ұйымдардың операциялық шығындарын субсидиялау ережелерін бекітті. Негізгі жаңалықтардың қа­та­рында атап өтеріміз, ауыл шаруа­шылығы тауарын өндірушілерден түскен өтінішті қарастырған кезде жергілікті атқарушы органдар тарапынан кооперативтерді қаржыландыру, азық-түлік қауіпсіздігін қамтама­сыз ету мен әлеуеті зор агроөнеркәсіптік кешен бағы­тын­дағы мәселелер, ауыл шаруа­шылығын қолдауға бюд­жеттік қаражатты бөлу жайы бірін­ші кезекте қарастырылатын болады.

2017-2019 жылдарға арнал­ған республикалық бюджетте 2017-2021 жыл­дары Қазақ­стан Республикасындағы агроөнеркәсіп кешенін дамыту­дың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру үшін шамамен 571,3 млрд. теңге бөлініп отыр. 2017 жылы – 226,9 млрд. теңге, оның ішінде республикалық бюджетті нақтылау барысында қосымша 41,6 млрд. теңге бөлінді. Ал 2018 жылы – 178,5 млрд. теңге, 2019 жы­лы 165,9 млрд. теңге қарас­тырылып отыр.

Тұрғындарды өнікті жұмыс­пен қамтып, азаматтарды кәсіп­кер­лікпен шұғылдануға тарту үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі 2017-2019 жылдарға 18 млн. теңгеге дейін жеңілдетілген несие беруі үшін республикалық бюджеттен 84,1 млрд. теңге бөліп отыр.

Ауылдық жерлер мен шағын қалалардың тұрғындарына микронесиелер “Аграрлық несие кор­пора­циясы” АҚ-ы және “Ауыл шаруашылығын қар­жы­лық қолдау қоры” АҚ-ы тарапынан қаржыландырылатын микроқаржылық ұйымдар мен несие серіктестіктері арқылы беріледі. 2017-2019 жылдарға арналған өнікті жұ­мыс­пен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарла­масы жүзеге асырылып жатыр.

Осы бағдарлама аясында ауылда өндірістік кооперативтер құру көзделіп отыр. Сонымен қатар оларға мемлекеттік қолдаудың түрлі шаралары жасалмақ, соның арқасында ауылды жерлерде жұмыс орындары пайда болады. Аграрлық саланың жаңа мақсат­­тарын жүзеге асыру ар­қы­­лы ел дамуының тұрақ­ты­лы­ғы қамтамасыз етіліп, еңбек өнімділігі артады, сөй­тіп, тұрғын­дардың басым көпшілі­гінің әлеуметтік өмір деңгейі жоғарылай түседі.

Қосалқы шаруашылықпен айналысатын ауыл тұрғындары өз өнімін кооперация арқылы тауар өндірісіне тарта алады, сөйтіп, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге зор үлесін қосады. Өз кезегінде, ел Үкіметі Қа­зақ­­стан­­дағы агроөнеркәсіп кешенін қалыптастыруға, АӨК-нің экспортты аграрлық өнімді шығару жөнінен әлемдегі ірі кешендердің бірі болатындай барлық жағдайды жасап отыр.

Алмагүл МАЖРЕНОВА,

Қаржы министрлігі агроөнеркәсіптік кешен, табиғи ресурстар, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бюджеті департаментінің директоры.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.