БОТАНИКАЛЫҚ БАҚҚА САЯХАТ

Облыс полицейлерінің балалары үшін күзгі каникул көтеріңкі көңіл-күйде өтті. Ішкі істер департаменті басшылығының және оның жанындағы әйелдер кеңесінің бастамасымен қызметкерлердің балаларына арнап ботаникалық баққа экскурсия ұйымдастырылды.

Осы жерде елу жылдан астам уақыт еңбек етіп келе жатқан бас агроном Равиль Рязапов оқушылармен емен-жарқын әңгімелесіп, оран-жереяның бір ғасырлық тарихына тоқталды. Балаларға құстар, жануарлар жайында қызықты мәліметтер айтылды. Содан кейін қонақтар қысқы бақтың ішін аралады. Әлемнің әр жерінен әкеліп егілген ағаштарды қызықтаған кішкентай қонақтардың бірі – он жастағы Влад. Ол – әкімшілік полиция басқармасының бөлімше бастығы, полиция подполковнигі Алексей Беловтың ұлы. Бұл экскурсияға Влад өзінің бес жасар інісі Юраны да ерте келген.

– Маған, әсіресе, құрма пальмасы, түрлі құстар ұнады. Өсімдіктер және жануарлар туралы да біраз мағлұмат алдым, – дейді ол. Ал он жастағы Ұлпан және Ұлжан есімді егіздерге кішкентай балықтар, тотықұстар ұнаған.

Осы игі шараның өтуіне атсалысқан ішкі істер департаменті әйелдер кеңесінің мүшелері көпбалалы отбасыларды әрдайым қолдап, оларға жан-жақты көмек көрсетеді. Олардың көздеген мақсаты – осындай шаралар арқылы отбасындағы және ұжымдағы татулық қарым-қатынастың тамырын тереңдете түсу.

Алма ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.