АТСАЛЫСАЙЫҚ, АҒАЙЫН!

“Қызылжар-Ақпарат” ЖШС-нің директоры – бас редакторы Жарасбай Сүлейменовке:

– “Баспасөз – өмір айнасы” деп бекер айтылмаған ғой. Ол мәдениетімізді одан әрі дамытудың, рухани байлықтарымызды таратудың ең қуатты құралы болып табылады. Біз, облыстық “Солтүстік Қазақстан” газетін алдымен өңірімізде болып жатқан жағымды жаңалықтардың жаршысы, соған үн қосушы, әрбір отбасының сенімді серігі, жақын сырласы деп білеміз. Қазақ баспасөзінің өңіріміздегі қарашаңырағы саналатын оның іргесін Мағжан Жұмабаев, Смағұл Сәдуақасов, Сәбит Мұқанов сынды Алаштың арыстары қалаған.

Бүгіндері баспасөзге жазылу науқаны қызу жүріп жатқан кезде оған есімдері көпке танымал кәсіпкер әріптестерім қолдау көрсетуде. Мен де осы игі бастамаға үн қосып, өзімнің 30 ауылдасымды облыстық “Солтүстік Қазақстан” газетіне жаздырдым.

Қадірлі ағайын, “Солтүстік Қазақстан” газетін әр шаңырақтың алуына атсалысайық.

Біржан ШАЙМЕРДЕНОВ,

“Дайындық-Агро” ЖШС-нің директоры.

 

Аққайың ауданы.  

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.