АРМАННЫҢ АСУЫ

“Еңбек еткеннің несібесі мол” демекші, тынбай жұмыс істеп, ортасына шеберлігімен, елгезектігімен танылған азаматтар арамызда аз емес. Арман Сәрсекеев – сондай жандардың бірі.

“Адамды адам еткен – еңбек” екенін ескерсек, Арман сынды еңбекқор, адал, шынайы азаматтар әрқашан биік межеден көрінері анық. Бүгінде Арман Сағынбайұлы Мамлют ауданына қарасты Афонькино ауылында “Стан” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде токарь болып жұмыс істейді. Ерінбей, жалықпай үйренетін адамға еңбектің берер молшылығы мен ырзық-несібесі көп екенін білетін азамат өзінің таңдаған кәсібіне дән риза. Жұмысты жауапкершілікпен, тиянақты, ұқыпты орындауға тырысады.

– Адам ешқашан еңбектен қашпауы керек. Кез келген саланың өз қиындығы болады. Мен үшін еңбектің жеңіл, ауыры жоқ. Тер төккен адам еңбектің қадірін біледі. Сондықтан мен балаларыма әрбір іске білек сыбана кірісуді айтып, ақыл беремін. Өйткені, жауапкершілікпен жұмыс істеп, алғырлық танытқанда ғана биік белестен көрінуге болады, – деген ол қазір жұмыс істеуге ынталы адамдарға барлық жағдай жасалғанын тілге тиек етті. Өз ортасына сыйлы азаматтың адамгершілік асыл қасиеті де өзгелерге өнеге. Отбасының тірегі ғана емес, үш баланың ардақты әкесі ретінде де ол ауылдастарының құрметіне бөленуде. Ал елде Армандай азаматтар бар да, қоғамның негізі берік болатынын нық сеніммен айта аламыз.

Ақмарал ЕСДӘУЛЕТОВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Суретті түсірген

Талғат ТӘНІБАЕВ.

Мамлют ауданы.  

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.