АРМАНДАР ОРЫНДАЛАДЫ

Жаңа жыл мерекесіне орай облыс орталығында “Армандар орындалады” атты дәстүрлі қайырымдылық акциясы өтті.

Облыстық жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған шараның аясында Жастар сарайына ағаштың макеті қойылып, бұтақтарына ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың тілектері жазылған хаттар ілінді. Мәселен, Петропавл қаласының балалар үйінің тәрбиеленушілері гигиеналық заттар керек екенін жазса, Соколов мектеп-интернатының бүлдіршіндері коньки, шаңғы сияқты сыйлықтарды сұрапты.

“Жетім көрсең, жебей жүр!” демекші, шараның сәтті өтуіне жетімдердің тағдырына бей-жай қарамайтын азаматтар қолдарынан келгенше атсалысты. Балғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлауға облыстық мәслихаттың депутаттары, “Интегро” компаниясының, “Светская львица” сұлулық салонының, “Gippo” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің және бірқатар басқарманың өкілдері ниет білдірді. Нәтижесінде бірде-бір хат қараусыз қалмай, ұйымдастырушылар жалпы сомасы 300 мың теңгені құрайтын сыйлықтарды жинады. Олардың ішінде 11 шаңғы, 6 микрофон, гигиеналық заттар және түрлі тәттілер бар. Бұлардың барлығы тиісті мекемелерге жеткізіліп, балалар қуанышқа бөленді.

Нұржан СЕЙІЛБЕКОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.