“ҚУАНЫШТЫҚТАР” СЫЙЛАҒАН ҚУАНЫШ

Әйелдер арасындағы жоғары лигада өңір намысын қорғап жүрген “Қуаныш” волейбол клубының мүшелері Петропавл қаласындағы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған облыстық мектеп-интернатында болып, “Мечтатели” отбасының мүшелеріне жаңажылдық базарлығын таратты.

– Біздің мақсатымыз ұзақ уақыт балалар үйінде тұрып жатқан жетім, қамқорсыз және қорғансыз қалған балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлап, мейірімге бөлеу болды. Себебі, мұқтаждарға көмек қолын созу, қайырымдылық жасау әр азаматтың парызы болуы тиіс. Біздің ұжым бұл балаларды әрқашан назарымызда ұстайтын болады, – деді “Қуаныш” волейбол клубының бас жаттықтырушысы Азамат Есімов.

Жас спортшылар тағдырдың қатаң сынына ұшыраған балаларға әкелген тәттілерін, кеңсе және гигиеналық бұйымдарын, басқа да сыйлықтарын табыстап, балғындардың алғыстарына бөленді. Бұл күні балаларға көңілді отбасылық мереке сыйлап, өздерінің жүрек жылуымен бөлісуге асыққан бойжеткендер үшін де шараның ерекше болғаны сөзсіз.

Анна ПЕНЬКОВА,

облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы.

Текстиль для дома, Вышивка, Фурнитура, Ткани
автоновости