КӘСІПОРЫН МАҚТАНЫШЫ

Жылына 500 мың тежегіш қалыптарын шығаратын өндірістік қуаты бар “Трибо” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өңірімізде сирек өнімдерді жасайтын кәсіпорындардың қатарында. Осы серіктестікте жұмыс істейтін еңбеккерлер биік межеден көрініп, табысқа жетуде аянып қалмақ емес. Солардың қатарында Әсемгүл Ағатаева да (суретте) бар.

Ол серіктестікте 2010 жылдан бері қалыптаушы болып жұмыс істейді. Маңдай терін төгіп, адал еңбек етуді мақсат еткен Әсемгүл Қайыржанқызының жұмысқа деген жауапкершілігі ерекше. Тапсырылған істі тиянақты, жүктелген міндетті мүлтіксіз орындайды. Өз ортасына сыйлы, әріптестерінің құрметіне ие маман жұмысты сапалы орындау маңызды екенін айтады. “Еңбегіне қарай өнбегі” демекші, мұнда жұмыстың лайықты бағаланатынына ол дән риза.

– Қазақстанда алғашқы болып темір жол вагондарының композициялық тежегіш қалыптарын шығаруды қолға алған кәсіпорында жұмыс істеу жауапкершілік жүктейді. Табанды еңбек етіп, барлық қиындықтарды еңсеріп, ерекше құлшыныстың арқасында бұдан да зор табысқа қол жеткізуге болады, – дейді ол.

Талғат ТӘНІБАЕВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика