ҚҰРМЕТКЕ ЛАЙЫҚ ҚҰРЫЛЫСШЫ

Құрылыс саласында 20 жылдық еңбек өтілі бар өз ісінің шебері Бауыржан Ілиясов үшін қазір жауапты кезең. Құрыш білекті құрылысшының әр күні қарбаласқа толы. “Казградстрой” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің белді жұмысшыларының бірі бетон құюмен айналысады.

– Жұмысым өзіме ұнайды. Білек сыбана кіріскенде ғана нақты бір нәтижеге қол жеткізуге болады. Облыс орталығындағы зәулім үйлерді тұрғызуға өз үлесімді қосып, қаланың көрікті болуына атсалысқанымды мақтан етемін. “Бүгінгі күн – ертеңгі тарих” демекші, кейінгі буын біздің салған үйлерге тамсанатындай деңгейге жетуіміз керек, – дейді өз ойымен бөліскен Бауыржан Ілиясов. Қазіргі таңда ол облыс орталығындағы “Трио” тұрғын үй кешенінің құрылысына атсалысуда.

Суретті түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ.  

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.