КӨМЕК ДЕР КЕЗІНДЕ ЖЕТТІ

Осыдан үш жыл бұрын тұрақты мекенжайы жоқ азаматтар үшін арнайы түнейтін орын ашылған болатын. Әсіресе, аязды күндері мұнда келушілер көбейіп кетеді.

Мекеме жұмысы бастағалы адамдардың өліміне алып келген үсу фактілері тіркелмеген. Келушілердің қатарында тұрақты паналаушылар да бар. Олар бұл жерде теледидар көріп, шахмат ойнайды. Паналаушыларды азық-түлікпен қамтамасыз етіп тұратын “Қызыл Жарты Ай” бірлестігі бұл жолы оларға жылы көрпелер әкеліп берді.

Суық күндері полицейлер облыс орталығындағы жеке секторлар мен ауылдардағы жағдайды да бақылауда ұстайды. Учаскелік полиция инспекторлары қарттарды, жалғыз тұратын адамдар мен қолайсыз отбасыларды жиі тексеріп тұрады. Аққайың ауданының Черкасское ауылының 62 жастағы тұрғыны бірнеше күн бойы жылытылмаған үйде жалғыз қалыпты. Учаскелік полиция инспекторы сәл кешіккенде, азаматтың жағдайы қалай боларын кім білсін?! Тәртіп сақшысы жедел жәрдем шақырып, оны аудандық ауруханаға жеткізді. Жолда қалған Өзбекстан елінің 53 азаматына да көмек дер кезінде жетті. Ресей Федерациясымен шекараға 30 шақырым қалғанда жолаушылар автобусы сынып қалған. Кезекшілікте жүрген полицейлер автобус жөнделгенге дейін әйелдерді жақын маңдағы жылы жерге жеткізді.

Нұрбек БАЕКИН,

облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекші маманы.  

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика